«Адал бала – ел болашағы» тәрбие сағаты 1 «Ә» сыныбы
«Адал бала – ел болашағы» тәрбие сағаты 1 «Ә» сыныбы
Қаңтар айында сынып жетекшісі Гульназ Мухтарбекқызы ұйымдастыруымен 1 «Ә» сыныбында «Адал бала – ел болашағы» атты тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, шыншылдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және саналы ұрпақ қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар адалдық туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, түрлі сұрақ-жауаптар мен танымдық ойындарға қатысты. Сонымен қатар өмірден алынған жағдаяттар талданып, «Адалдық деген не?», «Жақсы бала қандай болуы керек?» тақырыптарында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Балалар өздерінің күнделікті өмірдегі адал іс-әрекеттері жайында айтып, жақсы қасиеттерді үлгі етті.
Іс-шара барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында топтық жұмыстар ұйымдастырылып, сурет салу, ой бөлісу, сахналық көріністер көрсету секілді тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдықпен жұмыс жасады. Тәрбие сағаты балаларды еңбекқорлыққа, шыншылдыққа, достыққа және үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға тәрбиелеуге бағытталды.
Сабақ соңында оқушылар адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін түсініп, «адал бала – жарқын болашақ кепілі» деген қорытындыға келді. Тәрбие сағаты тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі әсерлі өтті.


