15
декабрь
2025
15-ші желтоқсанда 1 «А» сыныбында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағаты өтті.



15-ші желтоқсанда 1 «А» сыныбында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихын таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.Тәрбие сағатында оқушылар тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән айтып, тарихи мәліметтермен бөлісті. Ел болашағы – жас ұрпақтың бойында елін, жерін құрметтеу қасиетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз елінің нағыз жанашыры болуға талпынатынын көрсетті. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі қазынасы, елдігіміздің тұғыры. Оны көздің қарашығындай сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы.
