Ата – аналар жиналысы 1 «Ә» сыныбы

Ата – аналар жиналысы 1 «Ә» сыныбы
2026 жылдың 18 ақпанында 1 «Ә» 2026 жылдың 18 ақпанында 1-сыныпта «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты сынып жетекшісі Гульназ Мухтарбековна ұйымдастырып, жүргізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және сыныптағы жалпы ахуал туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңіндегі ерекшеліктері айтылып, олардың бойында адалдық, мейірімділік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жолдары талқыланды.
Жиналыста мектептегі қауіпсіздік мәселелері, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернетті қауіпсіз пайдалану мәдениеті жөнінде ата-аналарға кеңестер ұсынылды. Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екендіктерін көрсетті.
Қорытындысында бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың бірлескен еңбегі аса маңызды екені атап өтіліп, адал әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – баршаның ортақ міндеті екені айтылды.
сыныпта «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты сынып жетекшісі Гульназ Мухтарбековна ұйымдастырып, жүргізді.