Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » Қалалық семинарда өткізілген ашық сабақ. Дүниетану пәні 4 «Е» сыныбы
27
февраль
2026

Қалалық семинарда өткізілген ашық сабақ. Дүниетану пәні 4 «Е» сыныбы







Қалалық семинарда өткізілген ашық сабақ. Дүниетану пәні 

4 «Е» сыныбы

2025 жылдың 27 ақпанында қалалық семинар аясында 4 «Е» сыныпта дүниетану пәнінен «Менің өлкемнің ауылшаруашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты мұғалім Гульназ Мухтарбековна жүргізді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға туған өлкенің ауылшаруашылығының ерекшеліктерін таныстыру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы түсінік беру.

Сабақ барысында оқушылар өз өңіріндегі ауылшаруашылық салалары туралы мәлімет алып, егіншілік пен мал шаруашылығының маңызын талқылады. Топтық жұмыстар арқылы ойларын ортаға салып, түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, өз өлкесінің өнімдері туралы айтып, белсенділік танытты.

Сабақта заманауи әдіс-тәсілдер мен көрнекі құралдар тиімді қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, семинар қатысушылары тарапынан оң бағасын алды.