14
апрель
2026
Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні мектебімізде «Сапалы тәрбие – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы өтті.

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні мектебімізде «Сапалы тәрбие – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы өтті. Оқушылар түрлі қызмет сала өкілдерінің образына енген сынып жетекшілердің қызықты сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, көңілді атмосфера қалыптастырды.
Онкүндіктің басты мақсаты "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға сапалы тәрбие беру арқылы олардың бойына адамгершілік, жауапкершілік, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
✨ Тәрбие – ұлт болашағының негізі.
✨ Саналы ұрпақ – ел ертеңі.
