Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тәрбие сағаты 1 «Ә» сыныбы
27
ноябрь
2025

«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тәрбие сағаты 1 «Ә» сыныбы

«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тәрбие сағаты 

1 «Ә» сыныбы


2025 жылдың 27 қараша күні Гульназ Мухтарбекқызының ұйымдастыруымен 1 «Ә» сыныбында «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі 

мақсаты – оқушыларға энергия көздерін тиімді пайдаланудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға баулу, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар энергияның адам өміріндегі рөлі туралы мәлімет алып, электр қуатын, суды және жылуды үнемдеу жолдарымен танысты. Оқушылар күнделікті өмірде жарықты қажетсіз жақпау, суды ысырап етпеу, электр құралдарын ұқыпты пайдалану сияқты қарапайым ережелерді талқылады. Сонымен қатар табиғатты қорғау мен энергияны үнемдеудің өзара байланысы туралы ой бөлісті.

Сабақ барысында тақырыпқа байланысты оқушылар сурет салып, өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Топтық жұмыстар арқылы балалар ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиеленді.

Іс-шара соңында оқушылар энергияны үнемдеу – әр адамның міндеті екенін түсініп, табиғатты қорғау арқылы болашаққа қамқорлық жасау қажет деген қорытындыға келді. Тәрбие сағаты мазмұнды, тәрбиелік мәні зор және оқушылар үшін пайдалы өтті.