Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » «Еңбек етсең – емерсің» тәрбие сағаты 1 «Ә» сыныбы
23
сентябрь
2025

«Еңбек етсең – емерсің» тәрбие сағаты 1 «Ә» сыныбы

«Еңбек етсең – емерсің» тәрбие сағаты  1 «Ә» сыныбы


25 қыркүйек күні 1 «Ә» сыныбында Гульназ Мухтарбекқызы ұйымдастыруымен «Еңбек етсең – емерсің» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, адал еңбек етуге, үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

   «Еңбек түбі – береке» тақырыбында пікір алмасып, әр мамандықтың қоғамдағы орны мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Оқушылар еңбекқор адамның әрқашан жетістікке жететінін түсініп, еңбек ету арқылы адам шыңдалатыны жөнінде мағлұмат алды.

Тәрбие сағатында танымдық ойындар, сұрақ-жауап және жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Балалар топтық жұмыстарға қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершілік қасиеттерін көрсетті. Сонымен қатар еңбекке баулитын көріністер көрсетіліп, күнделікті өмірдегі пайдалы істер туралы әңгімелер айтылды.

    Қорытынды бөлімінде «Еңбек ағашы» әдісі ұйымдастырылды. Оқушылар ағаштың жапырақтарына еңбек туралы өз ойларын айтып, суреттерді «Еңбек ағашына» орналастырды. Балалар еңбекқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық, адалдық сияқты қасиеттерді атап өтті. Бұл әдіс арқылы оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызын түсініп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Соңында «Еңбек етсең – емерсің» деген мақалдың мәнін түсініп, еңбектің әрқашан жетістікке жеткізетіні туралы қорытынды жасалды.