19
май
2026
Магистрант-педагогтердің шығармашылық есебі өтті

2026 жылдың 19 мамырында «№19 ЖОББМ» КММ базасында мектебіміздің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген 22 магистрант-педагогтің жылдық шығармашылық есебі тыңдалды. Оқу жылы бойы магистранттар екі ірі бағытта нәтижелі жұмыс атқарып, өз тәжірибелерімен бөлісті:
«Цифрлық мектеп» бағыты: Бірінші шығармашылық топ мұғалімдердің жұмысын оңтайландыру мақсатында арнайы ақпараттық-көмекші Telegram ботын әзірлеп, таныстырды.
«Әдістемелік сүйемелдеу» бағыты: Екінші шығармашылық топ мектеп педагогтеріне коучинг пен менторинг жүргізіп, идея деңгейінен дайын авторлық және әдістемелік құрал жазуға дейінгі аралықта жүйелі қолдау көрсетті.
Мектеп әкімшілігі магистранттардың зерттеушілік және инновациялық жұмыстарына жоғары баға беріп, бұл жобаларды келесі оқу жылында да кеңінен қолдануды ұсынды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Мусабалинова Р.И.