Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » Мектебімізде «Шабыт» жобасы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «ЖҰЛДЫЗДЫ ТРИО – 2026» фестивалі өтті.
24
апрель
2026

Мектебімізде «Шабыт» жобасы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «ЖҰЛДЫЗДЫ ТРИО – 2026» фестивалі өтті.

Мектебімізде «Шабыт»  жобасы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «ЖҰЛДЫЗДЫ ТРИО – 2026» фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше шараға 7-сынып оқушысы, педагог және ата-ана бірігіп, бір команда ретінде қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Фестиваль екі кезең бойынша өтті:
1️⃣ Қазақ тілінде дәстүрлі немесе халық әндерін орындау;
2️⃣ Сынып атынан шығармашылық номер көрсету.
Бұл байқау мектептің негізгі үш бағытын — оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы тығыз байланысты нығайтып, олардың бірлескен еңбегін көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, фестивальдің тәрбиелік мәні зор болып, ұлттық өнерді дәріптеуге, шығармашылық қабілеттерді дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Осындай игі шаралар мектеп өмірін жандандырып қана қоймай, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды.

7 Ә БАС ЖҮЛДЕ
7 Г  1 ОРЫН
7 Б 2 ОРЫН
7 В 2 ОРЫН
7 А 3 ОРЫН
7 Ғ 3 ОРЫН
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН 💫
Мектеп тәлімгері:  Н. Е.  Сеитова