Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » «Заң және тәртіп» тақырыбында мазмұндама жазу күні ерекше өтті.
24
ноябрь
2025

«Заң және тәртіп» тақырыбында мазмұндама жазу күні ерекше өтті.

19-мектепте «Заң және тәртіп» тақырыбында мазмұндама жазу күні ерекше өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға заңды құрметтеуді, тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру болатын. Мектептің 7–11-сынып оқушыларына осы тақырыпта өз ойларын қағазға түсіру тапсырылды. Барлығы 95 оқушы мазмұндама жазуға қатысты.
Мазмұндама басталар алдында мұғалімдер заң мен тәртіптің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Әрбір азамат заңды білсе және оны сақтаса, қоғамда тыныштық пен қауіпсіздік орнайтыны айтылды. Тәртіпті болу – тек мектеп ережелерін сақтау емес, сонымен бірге айналадағы адамдарға құрмет көрсету, жауапкершілікпен әрекет ету екенін оқушылар жақсы түсінді.
Оқушылар мазмұндаманы ынтамен жазды. Біреулері заңды бұзудың салдары туралы ойланса, енді біреулері тәртіптің адамның өміріндегі рөліне тоқталды. Көптеген оқушы өз тәжірибесінен мысал келтіріп, мектептегі және үйдегі тәртіптің күнделікті өмірді жеңілдететінін айтты.
Шара соңында мұғалімдер оқушылардың еңбегін жоғары бағалады. Бұл мазмұндама олардың заңға деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, жауапкершілік сезімін де арттыра түсті. Бұл іс-шара оқушыларға үлкен тәрбие берді және олардың құқықтық мәдениетін көтеруге септігін тигізді.