03
ноябрь
2025
Қараша айында білім беру ұйымында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының кезекті отырысы өткізілді.
Қараша айында білім беру ұйымында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, логопед және дефектолог қатысты.
Отырыстың негізгі мақсаты – білім алушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың жағдайын талдау және алдағы жұмыс бағыттарын айқындау болды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Оқушылардың психологиялық диагностика нәтижелерін талдау;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жүргізіліп жатқан түзету-дамыту жұмыстарының барысы;
Мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар;
Ата-аналармен және педагогтармен өзара әрекеттестікті күшейту жолдары.
Отырыс барысында әр маман өз бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оқу ісі жөніндегі орынбасары білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және педагогтармен бірлескен жұмысты күшейту бойынша ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары қарастырылды.
Қорытынды бөлімінде:
Жеке оқушылармен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру;
Психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды күшейту;
Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;
Оқу үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыс ұйымдастыру
сияқты шешімдер қабылданды.
Отырыс нәтижесінде мамандар арасында өзара тәжірибе алмасу жүзеге асып, алдағы кезеңге нақты жұмыс жоспары бекітілді.