08
март
2024
Қайырымдылық – жүректен шыққан жылу 4 «Е» сыныбы


Қайырымдылық – жүректен шыққан жылу 4 «Е» сыныбы
2024 жылғы 8 мамыр күні сынып жетекші Гульназ Мухтарбевна және 4 «Е» сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ақылтай ата мен Бану әжеге арнап волонтерлік қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар үлкендерге құрмет көрсетіп, өздерінің қамқорлықтарын танытты. Сонымен қатар, оқушылар ардагерлерге арнап жылы лебіздерін білдіріп, шағын концерттік бағдарлама дайындады. Ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шара оқушылардың мейірімділік, қамқорлық және патриоттық сезімдерін арттыра түсті. Осындай игі істер арқылы оқушылар үлкенді сыйлауды, қайырымдылық жасаудың маңыздылығын түсініп, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуда.
