Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
10
март
2026

Қайырымдылық акциясы 1 "А" сыныбы



2026 жылғы 10-наурыз күні 1 «А» сыныбының сынып жетекшісі Арынова Т.Н. ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Бұл шараға сынып оқушылары ерекше белсенділікпен қатысты. Олар мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін түрлі игі істер ұйымдастырды. Оқушылар күнделікті тұтынуға қажетті түрлі тағамдар әкелді. Акция барысында балалар  бір-біріне қолдау көрсетіп, мейірімділіктің маңызын түсінді. Осындай игі бастама оқушылардың жүрегінде жанашырлық пен қамқорлық сезімін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Қайырымдылық  акциясы баршаға жақсы көңіл-күй сыйлап, үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.