Туған күніңмен - сүйікті мектебім!
Мектеп – білім ордасы!
Осында білім алып, жарқын келешегіміздің іргесін қалаймыз. Әр адамның өмірінде мектептің алар орны ерекше. Адамзаттың бәрі мектеп қабырғасында бастау алып, үлкен өмір жолына қадам басады.
Күздің соңғы айы 10 қараша – аяулы мектебіміздің туған күні. 1988 жылы ірге тасы қаланды. Қаншама түлекті шығарып, қаншама жас буын бүлдіршіндерді қабылдады. Осы атаулы күні мектеп түлектері, ата-аналар, оқушылар өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, тілектерін жаудыруда.
Оған көптеген сыныптар қатысты. Әр бейне ролик үлкен шығармашылықпен ұсынылды. Мысалы, Әбілтай Айдана мен Нұрмұхаметова Гүлназдың орындауындағы түрік биі барлығының есінде қалды деп ойлаймын. Талғатұлы Алмади барлығын монитор экранынан шын жүректен құттықтады. Мектептің «Радуга» газетінің беттерінен, қазіргі кезде еліміздің барлық облыстарында еңбек етіп жүрген мектебіміздің түлектері құттықтау сөздерін жолдады. Балалар бүкіл мектепті күні бойы қуанышқа толтырды!



