Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
15
сентябрь
2019

Алғашқы қоңырау жиынының өтуі туралы АҚПАРАТ

КММ «№19 жалпы орта білім беретін мектепте»
2019-2020 оқу жылындағы
Алғашқы қоңырау жиынының өтуі туралы
АҚПАРАТ
1 қыркүйек күні еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім ордаларында алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Жиын алаңы тақырыпқа сай стендттермен, плакаттармен, жалауша, шарлармен әсем безендірілді, музыкалық безендіру де салтанатты жиынға ерекеше әр берді. Жиын кезіндегі балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі басты назарға алынып, арнайы кезекшілік құрылды.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін елдің сауаттылығын арттыру, соның ішінде, барлық жеткіншек ұрпақтың сауаттылығына зор көңіл бөлу, білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажет.
Салтанатты жиынның құрметті қонақтары Семей қалалық білім бөлімінің бас маманы Канапина Жанар Турсынгазиновна жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады. Жиында мектеп директоры Ахмерова Асия Сайбатталовна сөз сөйледі. Мектеп басшысы өз сөзінде еліміздің білім саласындағы жаңа жобаларына кеңінен тоқталып, мектептің жетістіктеріне тоқталды.
Алғашқы қоңырау рәсімі салтанатты жағдайда 2 кезеңде өткізілді. 1-11 сынып оқушыларымен жиыннан соң «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы және №31767 әскери бөлімінің қызметкерлерімен 9 сынып оқушыларымен «Менің Отаным Қазақстан!» атты ерлік сабағы өткізілді.
Қаланың халық көп шоғырланатын аудандарына сағат 17.00-22.00 аралығында кезекшілік ұйымдастырылды.

Алғашқы қоңырау жиынының  өтуі туралы  АҚПАРАТ

 

Алғашқы қоңырау жиынының  өтуі туралы  АҚПАРАТ

 

Алғашқы қоңырау жиынының  өтуі туралы  АҚПАРАТ

 

Алғашқы қоңырау жиынының  өтуі туралы  АҚПАРАТ