Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » 6-сәуірден бастап Қазақстан мектептерінің барлық балалары онлайн режимде білім алатын болады
26
март
2020

6-сәуірден бастап Қазақстан мектептерінің барлық балалары онлайн режимде білім алатын болады

Құрметті  ата-аналар  6 сәуірден бастап Қазақстан мектептерінің барлық балалары  онлайн  режимде білім алатын болады. Қазіргі уақытта мұғалімдер қашықтықтан оқыту режимінде жұмыс істеу бойынша курстан өтеді .Сабақтар дайындайды және ресурстар әзірлейді.  Келесі аптада оқушылармен қалай байланыс орнатылғанын көру үшін тест тәртібінде сабақтар өткізіледі.  Сәрсенбіден бастап ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтетін  болады. Қазір білім беру платформалары әзірленуде , ТД сабақтары бар бағдарламалар жасалуда. Балалар мен олардың ата-аналарына сабақ кестесі жеткізіледі. Оқушылар тапсырмалар алады, оларды орындайды, мұғалімдерге жібереді. Күнделік, Вацап,  Электронды почта арқылы  кері байланыс жолға қойылады. Біз сіздердің толқуларыңызды түсінеміз, құрметті ата-аналар , алайда елімізде төтенше жағдай енгізілгенін еске түсіремін . Бұл амалсыз шара болғандықтан, балалар мемлекеттік стандарттарды , оқу жылының соңына дейін барлық оқу материалдарын меңгеру керек. Түсіністік танытуларыңызды , тыныштық сақтауларыңызды  сұраймын. Республиканың, облыстың, қаланың білім беру басшылығы мәселені бақылауда ұстауда.

Құрметпен Асия Сайбатталқызы