17
декабрь
2019
Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры
«Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры»
№19 жалпы орта білім беретін мектепте жыл бойына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған жоспар құрылды және жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты - Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өту және оқушылар бойында отаншылдық сезімін оятып, елжандылыққа тәрбиелеу. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін танып, құрметтеуге баулу. 3 желтоқсаннан бастап мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 4.12-14.12.2019ж. аралығында 1-11 сынып оқушыларымен «Қазақстан – менің Отаным», «Тәуелсіздік — елімнің шамшырағы», «День Независимости Казахстан» сынып сағаттары өткізілді. 5 желтоқсанда «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. 3-5 сынып оқушыларымен «Біз тәуелсіз елдің болашағымыз» суреттер сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. 12 желтоқсанда мектептің халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиада, конкурстар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау үшін «Дарындылар мен таланттылар» шеруі өткізілді.
Мектеп ұжымына және 9-11 сынып оқушыларына арналған «Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры» салтанатты жиыны жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.