24 сәуір 8 «А» сыныбында Калиева Толқын Райхановнаның ұйымдастыруымен «Қайтпас қайсар -Қасым Қайсенов»тақырыбында ерлік сабағы өтті Мақсаты: оқушыларға қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi
24.04.2024 күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. ІІІ тоқсан қорытындысы 2. Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық 3. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Балалардың қауіпсіздігі 4. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру бойынша мектептің бракераж комиссиясы жұмысының есебі 5.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру 6. Әртүрлі мәселелер қарастырылды.
23 сәуір күні Семей қаласы Әуезов полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы полиция майоры О.С.Сембаев 5-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, бұзақылық және қоғамдық орындардағы бұзақылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық бағытта әңгіме жүргізді.
23 сәуір күні Семей қаласы Әуезов полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы полиция майоры О.С.Сембаев 5-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, бұзақылық және қоғамдық орындардағы бұзақылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық бағытта әңгіме жүргізді.
23 сәуір мектебімізде «Даналық мектебі» клубының жылдық жоспарына сәйкес 2-ші сыныптың Аталар мектебімен «Аталар сөзі –бата сөз», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру,жеті ата, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау. Шара барысында оқушыларымыз бата және оның түрлері, жеті ата, шежіре ұғымдары туралы, мәліметтер алды.
22-ші Сәуір 3 «Д»сыныбында «Рейхстагқа ту тіккен –Рақымжан Қошқарбаев» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: қазақ халқының қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриот болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға арнайы видеоматериалдар, фильмнен үзінділер көрсетілді. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi
22 апреля 2024 года в КГУ СОШ № 19 в целях профилактики, была проведена беседа УИП ГЮП ОМПС Ауэзовского ОП мойором полиции Нургазиным Б.С.По вопросам административного и уголовного законодательства с учащимися параллели 5 – 9 классов
Сәуірдің 19 күні 5 Ж сыныбында “Мәншүк Маметова - қазақтың батыр қызы” атты сабақтан тыс іс- шара өткізілді. Балалар батыр анамыз жайлы қысқа деректі фильм көріп, артынша сол бейнефильм бойынша интеллектуалды ойын арқылы Мәншүк Мәметованың ерліктерімен жақсырақ танысты.
ЭКОСАҒАТ-Туған өлкем Семейім! Бұл сынып сағатында табиғат жайлы және туған өлкеміз Семей қаласының тазалығына тоқталып өттік. Біз анамызды қалай сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, туған өлкеміздің табиғатына да солай қарауға тиістіміз. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Себебі керекті заттардың бәрін табиғаттан алады. Ендеше адам баласы табиғатқа зиян келтірмеуі керек. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзуға болмайды. Үйлесімділік бұзылса екеуінің біреуі
19 сәуір «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» бағыты бойынша «Туған өлкем Семейім!» атты қалалық ЭКОСАҒАТ аясында оқушыларға табиғатқа ,туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, тұрмыстық қалдық заттарды бөлек жинау туралы мәселелер тақыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. # ЭкоСағат#”ЭкоСағат Туған өлкем Семейім!