23- қараша жалпыадамзаттық құндылықтар күні. «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ –де «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында онлайн форматта өзін өзі тану сағаты өткізілді.
Бастауыш сыныптар арасында балалардың күзгі демалысын қызықты әрі әсерлі өткізу мақсатында «Күзгі сыйлықтар» атты қолөнер шеберлер сайысы өтті. Сайысқа 70 оқушы қатысып, жүлделі 1,2,3 орындармен марапатталды. Сайысқа әсіресе 2 «ж» , 4 «е» сыныптары белсене қатысты. Сайысты ұйымдастырушы бастауыш сынып мұгалімі: Игисинова Акмарал Толеубаевна
2020 жылдың 18-28 қараша аралығында №19жалпы орта білім беретін мектепте «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты бастауыш сыныптар онкүндігі өткізіледі. Мақсаты: Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады. Апталық барысында оқушылар арасында әр түрлі конурстар, тәрбие сағаттары, ойындар т.б. іс-шаралар өткізу көзделген.
13 қараша күні «№ 19 жалпы орта білім беретін мектепте» КММ-де, 9-11 сыныптар арасында «Туған қалам-Семейім» атты тақырыпта қашықтықтан видеотаныстыру байқауы өткізілді.