10
ноябрь
2020
«Туған қалам- Семейім» видеотаныстыру байқауы.
«Туған қалам- Семейім» видеотаныстыру байқауы.
13 қараша күні «№ 19 жалпы орта білім беретін мектепте» КММ-де, 9-11 сыныптар арасында «Туған қалам-Семейім» атты тақырыпта қашықтықтан видеотаныстыру байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Семей қаласының тарихи-мәдени мұрасын танымал ету, сақтау және арттыру.
Байқаудың міндеттері:
-Оқушыларға патриоттық сезімді қалыптастыру және өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын, шығармашылық көзқарасын дамыту;
-тақырыптық бейнематериалдар жасау дағдыларын жетілдіру.
Бейнероликтерге сараптама келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
-жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;
-тақырыптың ашылуының негізділігі мен тереңдігі.
Байқаудың нәтижесі бойынша:
1 орын-9 «Ж» сынып оқушылары, Бақытбекова Әдемі, Ержанқызы Ерке
2 орын-9 «Б» сынып оқушысы, Галикеева Карина
3 орын- 9 «В» сынып оқушысы, Мурсалимов Арман
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз.
Сайысты ұйымдастырушы және жауапты мұғалімдер: Мусабалинова Р.И.,
Толеубекова Н.К.