№19 мектеп әкімшілігі бекіткен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 29 қыркүйекте асхана жұмысына зерделеу жүргізіп, бір күндік сынаманы, ас мәзірін, асхананың тазалығын, тоңазытқыштарды, азық-түліктердің жарамдылық мерзімдеріне бақылау жүргізді. Тағамдарды дайындау технологиясы ас мәзіріне сәйкес. Аспазшылардың формасы мен жұмыс орындары талапқа сай. Шағым және ұсыныс журналы бар. Күнделікті тамақтың сынамасы алынып отырылады. Зерделеу қортындысы
Мектепте 2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында 1-4 сынып бойынша 709 бала және 5-11 сыныптардағы көпбалалы, аз қамтылған отбасыларының 59 баласы бір мезгілді тегін ыстық тамақпен қамтылған. Тегін ыстық тамақ күнделікті мектеп әкімшілігі мен медбикенің тексеруінен өтеді. Президенттің бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.
№19 мектеп асханасында 200 тамақтану орны бар.Мектеп асханасында кәсіпкер Мухамеджанова Ф.М. тоғыз қызметкерімен бірге жұмыс атқарады. Мектеп асханасындағы оқушылар мәзірінде пайдалы әрі құнарлы тағамдар болуы күн сайын қадағаланады. Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектебіміздің бракеражды комиссиясы тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері, оқушы және ата-ана комитеті, қамқоршылық кеңес мүшесі бар. Бракеражды комиссияның міндеті білім алушылардың