22
сентябрь
2023
МЕКТЕП АСХАНАСЫН ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МІНДЕТІ
№19 мектеп асханасында 200 тамақтану орны бар.Мектеп асханасында кәсіпкер Мухамеджанова Ф.М. тоғыз қызметкерімен бірге жұмыс атқарады. Мектеп асханасындағы оқушылар мәзірінде пайдалы әрі құнарлы тағамдар болуы күн сайын қадағаланады. Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектебіміздің бракеражды комиссиясы тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері, оқушы және ата-ана комитеті, қамқоршылық кеңес мүшесі бар. Бракеражды комиссияның міндеті білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды және сапасын қадағалауды тексеру.










