18
сентябрь
2024
18 қыркүйекте Абай облысы мектептеріндегі тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық тобы № 19 мектеп асханасының жұмысын тексерді.
18 қыркүйекте Абай облысы мектептеріндегі тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық тобы № 19 мектеп асханасының жұмысын тексерді. Арнайы топ құрамында қалалық мәслихат өкілі, ата-аналар қоғамдастығының мүшелері, білім бөлімі қызметкері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілі болды. Ведомствоаралық сараптамалық тобы мектеп асханасының бекітілген мәзіріне сәйкес тамақтануын, азық-түлік пен дайын өнімдердің мақсатты түрде пайдалануын, сақталуын және олардың сапасына байланысты жүргізілуін тексерді. Ас мәзірін әзірлеуге қатысты қағидалар мен бракераждық комиссиялардың жұмысы, асхананың санитариялық жағдайлары тексерілді. Өткізілген тексеріс нәтижелері бойынша талап бұзұшылықтар болмады.
