13
январь
2025
«Асыл мұра» қолөнер алаңы Семей қаласындағы №19 мектепте 13 ақпанда Эстетикалық цикл пәндерінің апталығы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында «Асыл мұра» қолөнер алаңы ұйымдастырылды.
«Асыл мұра» қолөнер алаңы
Семей қаласындағы №19 мектепте 13 ақпанда Эстетикалық цикл пәндерінің апталығы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында «Асыл мұра» қолөнер алаңы ұйымдастырылды. «Асыл мұра» қолөнер алаңына Абай облысы білім басқармасының ардагерлер кеңесінің төрайымы М.М.Ахметова, Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Ш.Тасжуреков және Астанада өткен «Аламан құрақ» жобасының қолөнершілері оқушылармен кездесті. Кездесу барысында құрақ көрпе – қазақ халқының ұлттық құндылығы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрді насихаттап, оқушылармен басқұр мен түкті кілем тоқудан шеберлік сағаты көрсетілді. Сондай-ақ, қонақтар мектептің өнерпаздарының орындауындағы ән мен биді тамашалады. «Асыл мұра» қолөнер алаңына Абай облысы бойынша қатысқан қолөнер шеберлері Жунусбаева Бахытжан Задаевна, Жұмашева Қапиза, Омарғалиева Нағым Солтамбековна, Аяпбергенова Жұмағайша Аяпбергенқызы, Абеуова Дидар Темирбаевна, Асылбай Абайгүл Төкенқызы, Тогузбаева Балғын Ерұланқызы, Сатжанова Анар Қадылбекқызы, Камбышева Шугила Абдрахмановна, Сармантаева Алмагүл Қадырқызы жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беретін мағыналы кездесуде тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді.
№19 мектептің көркем еңбек пәні ұстаздары А.Б.Елубаев, Б.С.Шапенова, Н.П.Мануленко, Н.М.Солтанбеков өнегелі, тағылымы мол ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Асыл мұра» қолөнер алаңын жоғары дейгейде ұйымдастырды.