"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Менің бауырым" жобасы аясында 11-сынып оқушыларымен кездесу
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында N19 мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Менің бауырым" жобасы аясында 11-сынып оқушыларымен Семей қаласындағы әскери госпитальдің хирургия бөлімшесінің бастығы Б.Н.Сакенов пен дәрігер М.М.Советқазин кездесу өткізді.