⏰ Бүгін сағат 16:00-де бос кәсіптік бағдар беру бойынша тікелей эфир өтеді. 🎓Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 📌Егер сұрақтарыңыз болса 16:00-де тікелей эфир барысында қоюларыңызға мархабат.
2021 жылдың 10 наурызында №19 ЖОББМ "НАМЫС" әскери– патриоттық клубының мүшелері 31767 ә/б тәрбие идеологиялық жұмысы бөлімі басшысы орынбасарының көмекшісі – Сулейменова Жазира Айтмукановнамен және 31767 ә/б әскери тәртіп және МҚД, тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің аға офицері - Серикжанов Нурлан Кайратхановичпен кездесті. Модератор "Намыс" ӘПК жетекшісі: АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Дюсембаев Болат Тлеуғазинович болды. Іс-шараның мақсаты отандық әскери өнердің тарихын үйрету, жастарды
#Оқуғақұштармектеп# Ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала жыршысы» атты бірыңғай күніне орай «№19 ЖОББМ» КММ кітапханасында 5 сынып оқушылары арасында «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шара оффлайн форматта өтті. Мақсаты: екі ғасырдың куәсі, аты аңызға айналған ақын, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын
Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл. Ақынның мәңгілік мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа Аманат. Ақын шығармашылығы дәуір өткен сайын өз оқырмандарының санын көбейтуде. Осыған орай #19ЖОББМ-тің 5-9 сынып оқушылары арасында "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр " атты конкурс өткізілді.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ғы кезекті адалдық сағаты өтті. Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды.