Ақпанның10 күні N19 мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Шабыт" жобасы аясында 7-8 сыныптар арасында "Биле-биле" байқауы өтті. Байқауда оқушылар ұлттық және замануи билерден сайысқа түсті. Мектеп тәлімгері Н.Сеитова мен мектеп Парламенті ұйымдастырған байқауда оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Қаңтардың 28 күні N19 мектептің 9-10 сынып оқушыларымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Бірлік және ынтымақ" құндылығы негізінде Абай облысының "Қоғамдық келісім орталығы - облыстық достық үйі" КММ мамандарымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ақпараттық сағат өткізілді.
2025 жылдың 29 қаңтарында №19 мектепте жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Мектеп директорының 2-тоқсан қорытындысы бойынша есебі. 2. Түлектерді қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындау. 3. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Балалардың қауіпсіздігі. 4. Мектептің тамақтану сапасы жөніндегі бракераж комиссиясының есебі. Жиналыс барысында мектеп директоры А.А.Жунусова және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
24 қаңтарда №19 мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дәстүрлі "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны өткізілді. "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны — танымдық, шығармашылық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл ойын түрлі тапсырмалар мен сайыстардан тұрады және қатысушыларға көптеген дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Ойын жастардың ойлау қабілетін арттыруға, топпен жұмыс істеуге, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ
2025 жылдың 23 қаңтар күні Абай облысы білім басқармасының "Электротехникалық колледжі" КМҚК мамандары мен студенттері №19 мектептің 9-11 сынып оқушыларымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Менің бауырым" жобасы аясында кездесу өткізді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#19 мектепте 13.12.24 ж. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 5- сынып оқушылары “Жас Ұлан” ұйымына 51 оқушы, “Жас Қыран” ұйымына 81 оқушы қатарға қабылданды. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, еліміздің бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Осы орайда мектебіміздің 132 оқушысы “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” ұйымының қатарына қабылданды. #Біртұтас_тәрбие #жетістігім_еліме #өзін_өзі_басқару
Мектебімізде 31 қазанда "Білім мен тәрбие мектептің басты ұстанымы" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты: "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асырудағы тиімді тәсілдермен және ата-анамен байланысты нығайту жолдарымен бөлісу.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ демекші.Ата-ананың өсиетін,ақылын тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу барысында “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында ата-анасы Искакова Гульжан қызы Мерхатқызы Нұраймен осы өнегелі уақыттарын ұтымды және тиімді пайдалана біледі.