Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
09
февраль
2026

«Оқу мектебі» жобасы 1 «Ә» сыныбы





«Оқу мектебі» жобасы  1 «Ә» сыныбы
       9–15 ақпан аралығындағы қысқы демалыс кезінде 1 «Ә» сыныбында «Оқу мектебі» жобасы аясында «Оқуға құштар мектеп» бағыты бойынша танымдық іс-шаралар өткізілді.
     Мақсаты: Оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар көркем әдебиет арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту.
      Демалыс барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, ертегілер мен әңгімелер бойынша пікір алмасты. «Отбасымен кітап оқу» сағаттары ұйымдастырылып, балалар оқыған шығармалары бойынша суреттер салып, қызықты әңгімелер дайындады. Оқушылар белсенді қатысып, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
     Іс-шара барысында балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, бос уақыттарын пайдалы өткізудің маңызын түсінді. Сынып жетекшісі Гульназ Мұхтарбековна оқушыларға бағыт-бағдар беріп, кітап оқуға баулу жұмыстарын жүргізді.