Бүгін 2”Е” сынып оқушыларына “ Ұлы жеңістің 80 жылдығына” орай “Ешкім де ,ешнәрсе де ешқашан ұмытылмайды!” деген тақырыпта ерлік сабағы өтілді.Балаларға жеңістің оңайлықпен келмегені түсіндіріліп, ерлік көрсеткен батырлар туралы терең мағлұмат берілді.Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысы жайында,Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстыра отырып балалардың мәңгі жадында сақтау. #9мамыр-Жеңіс_күні #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #ТәрбиеСағаты
1 "А" сыныбында Жеңіс күніне арналған "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы, оның салдары және Жеңістің тарихи маңызы жөнінде тың мәліметтер ұсынылды. Батырларымыздың отансүйгіштік пен ерлікке толы істері үлгі ретінде көрсетілді. Оқушылар соғысқа қатысқан ата-бабаларының ерлік жолдары жайында баяндап, мақтаныш сезімдерін білдірді. #ҰлыЖеңіске80жыл #ЖеңіскеБірге #Біртұтас_тәрбие #Абай_облысы #Семей_қаласы
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды… 1941–1945 Ұлы Отан соғысы — миллиондаған тағдырдың күресі, көз жасы мен жеңісінің шежіресі. Бүгінгі бейбіт өмір — сол батырларымыздың жанқияр ерлігі мен қайсар рухының жемісі. Біз ерлік көрсеткен жандардың есімін мәңгі жадымызда сақтаймыз. Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және мыңдаған белгісіз батырлар — Олар ел үшін жанын қиды, біз ел үшін оларды ұмытпауға міндеттіміз! Жеңіс — ұрпаққа аманат. Тағзым — жүректен! #Ұлы Жеңіске 80жыл #Ешкімде
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында 6"Д" сыныбында "Ер есімі - ел есінде" атты Ерлік сабағы өтті. Мақсаты - оқушыларға ұрпақ болашағы үшін құрбан болған бабаларды ұмытпауға тәрбиелеу. Балалар белгілі батырлармен қатап өздерінің жауынгер аталарының, ерлігі, тарихы жайлы әңгімеледі, қызықты деректермен бөлісті. Батырлар ерлігін мәңгі есте сақтау - біздің қасиетті борышымыз.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" іс-шаралар жоспарына сәйкес "Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты 8 Ж сыныбында өтті. Мақсаты: Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлеріміздің ерліктерін еске алу, оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыру.#ҰлыЖеңіске80жыл#Жеңіскебірге#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей_қаласы#
Ұстаз ана-болашақтың анасы. Ұстаз ана-ақыл білім панасы Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде, Әр шәкірттің оянады санасы. Бүгінгі “Ғылым күні “балаларға түрлі ақпараттар және қызықты тәжірибелер мен ойын ұйымдастырып берген мектеп әкімшілігімен әріптестеріме 4”Ж”сынып атынан алғысымызды айтамыз.Балаларға қызықты ,керемет ұнады.Еңбектеріңіз жемісті,өмірлеріңіз мәнді болсын!
"День науки" - первые шаги в большой мир открытий. В КГУ "СОШ №19" ежегодно проходит яркий и познавательный "День науки", в рамках которого учащиеся 4-х классов смогли почувствовать себя настоящими исследователями, изобретателями и даже учёными. Учащиеся 4-х классов посещали научные станции: географическая, физическая, биологическая, химическая, мастерская, "3Д" моделирование. Прошел школьный этап защиты научных проектов, учащиеся представляли свои работы по различным темам от окружающей
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ 2"Д" СЫНЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ. Еліміздің татулығы мен тұтастығын дәріптейтін ерекше күн. Бұл – әртүрлі ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын бейнелейтін мереке. Бірлік бар жерде – береке бар! Бейбітшілік пен келісім әрдайым ортамызда орнап, болашағымыз жарқын болғай!
Уважаемые родители, в соответствии с письмом Министерства образования и просвещения Республики Казахстан, информируем Вас о том, что учебный год заканчивается 23 мая 2025 года, и доводим до Вашего сведения следующие важные положения на последнем звонке и итоговой аттестации. В целях сохранения педагогической этики и недопущения коррупционных правонарушений запрещается❌: • собирать средства с родителей;• собирать средства на сбор подарков для администрации школы и учителей;• аниматорам,
Бірлік -адам арасындағы ынтымақтың, татулықтың көрінісі.Қазақ халқы бірліктің күнделікті тірліктегі орны мен маңызын “ Бірлік болмай,тірлік болмайды” деп түйген.Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйымдасып отырудың басты кепілі. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей