31
январь
2023
«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ де «Қощ келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік салтанат өтті.
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын күн, жаңа бақыт күтеміз. Бүгін де сол үкілеген үмітпен қара шаңырағымыз «№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ де «Қощ келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік салтанат өтті. Жаңа жыл кешінде мектебіміздің «Жас дарын» театрының оқушылары бойларындағы бар өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін келтірді. Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, достықпен, татулықпен өткізуге баулып, дайындаған ұстаздары – Калиева Т.Р., Ақперова А.Т.. Балалар Аяз атамен көңілді ойнап, шырша әнін шырқап, мерекені шаттық көңіл-күймен қарсы алды.