Ағымдағы жылдың 9 маусым күні "Жас ұлан" лагерінің тәрбиеленушілері Достық күніне арналған ерекше саяхат жасады. Достармен бірге кино көру – естен кетпес әсер мен қуаныш сыйлады. Мақсаты: үлкен экранда жаңа фильмдермен бірге күлкі, толқыныс пен эмоцияларды бөлісу, достықты одан әрі нығайта түсу үшін сыныптастарымен жасаған саяхаттың маңызын түсіндіру.