Бірлік -адам арасындағы ынтымақтың, татулықтың көрінісі.Қазақ халқы бірліктің күнделікті тірліктегі орны мен маңызын “ Бірлік болмай,тірлік болмайды” деп түйген.Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйымдасып отырудың басты кепілі. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
"№19 ЖОББМ" КММ кітапханасында 1мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі қарсаңында "Мақсаттар бірлігі - рух бірлігі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: халықтар достығын дәріптеу, бірлік мерекесінің маңыздылығын түсіндіру. Мектеп парламенті оқушыларымен Қазақтанда тұратын этностар, халықтың бірлігі, ынтымағы, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынас туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
3 “З” сыныбында 1 мамыр Бірлік күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: бұл елдің ең маңызды құндылықтары – этникаарлық достықты, толеранттылықты және ұлттар достығын дәріптейтін күн екенін ұғындыру. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей