18 қыркүйекте Абай облысы мектептеріндегі тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық тобы № 19 мектеп асханасының жұмысын тексерді. Арнайы топ құрамында қалалық мәслихат өкілі, ата-аналар қоғамдастығының мүшелері, білім бөлімі қызметкері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілі болды. Ведомствоаралық сараптамалық тобы мектеп асханасының бекітілген мәзіріне сәйкес тамақтануын, азық-түлік пен дайын өнімдердің мақсатты