Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » «Информатика, физика және география пәндерінің болашақ STEAM көшбасшыларын даярлауға ықпалы» атты нысаналы мектептердің пән мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.
31
январь
2025

«Информатика, физика және география пәндерінің болашақ STEAM көшбасшыларын даярлауға ықпалы» атты нысаналы мектептердің пән мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.

2025 жылғы 31 қаңтарда Семей қаласының №19 ЖОББМ базасында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Информатика, физика және география пәндерінің болашақ STEAM көшбасшыларын даярлауға ықпалы» атты нысаналы мектептердің пән мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті. Семинар мақсаты информатика, физика және география пәндерін оқыту  арқылы оқушылардың  ғылыми зерттеу жетістіктерін, көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық, сыни ойлау, проблемаларды шешу қабілеттерін дамытуды қамтыды. «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ оқыту мазмұны мен білім сапасының мониторингі бөлімінің басшысы Алиева Толеугайша Авалкановна  семинарға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, облыстың нысаналы мектептері үшін маңыздылығын атап өтті. Аталған шара еліміздің білім беру жүйесіндегі маңызды бастамалардың бірі – «943 - еліміздің нысаналы мектептерді дамыту» Ұлттық жобасы аясында өткізіліп, педагогтердің білім беру сапасын арттыруға, талантты оқушыларды қолдауға және оларды XXI ғасырдың талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталды.


31 января 2025 года на базе СОШ №19 г. Семей прошел практический семинар для учителей-предметников целевых школ «Роль учебных предметов "Информатика", "Физика", "География" в формировании будущих лидеров STEAM», организованный КГУ «Областной инновационно-методический центр» управления образования Абайской области. Целью семинара было развитие у учащихся научно-исследовательских достижений, лидерских качеств, творческих способностей, критического мышления, умения решать проблемы через преподавание информатики, физики и географии. Руководитель отдела мониторинга содержания обучения и качества образования КГУ «Областной инновационно-методический центр» Алиева Толеугайша Авалкановна, пожелав участникам семинара удачи, отметила важность для целевых школ области. Данное мероприятие было проведено в рамках одной из важнейших инициатив в системе образования страны – Национального проекта «943 - развитие целевых школ страны», направленного на повышение качества образования педагогов, поддержку талантливых учащихся и воспитание их в соответствии с требованиями XXI века.