08
январь
2025
Білім беру сапасын жақсарту және оқушыларды заманауи талапқа сай дайындау үшін білім беру процесіне жаңа цифрлық технологияларды кіріктіру
2025 жылғы 8 қаңтарда «№ 19 ЖОББМ» КММ-інде "Білім беру сапасын жақсарту және оқушыларды заманауи талапқа сай дайындау үшін білім беру процесіне жаңа цифрлық технологияларды кіріктіру" тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында мектеп педагогтері цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, қызықты интерактивті платформалар мен сайттарға шолу жасады, сондай-ақ топтық жұмыста цифрлық технологиялардың практикалық қолданылуын көрсетті. Мұғалімдер ұсынылған материалдардың жоғары практикалық маңыздылығын және оларды әрі қарайғы жұмыста пайдалану мүмкіндігін атап өтті.




