09
апрель
2025
"БП.Жасанды интеллект білім беру сапасын жақсарта алады деп санайды: қажеттілік пе, әлде артықшылық па?"
2025 жылдың 9 сәуір күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының" Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында "Мектептегі сынып жетекшінің рөлі" тақырыбындағы сынып жетекшілер онкүндігі жоспарына сәйкес "Алмас қылыш" дебат үйірмесінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында дебат ойыны өтті. Бұл шараның мақсаты – ұстаздар арасында пікір алмасу, ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ, дебат мәдениетін насихаттау.
Дебат тақырыбы: "БП.Жасанды интеллект білім беру сапасын жақсарта алады деп санайды: қажеттілік пе, әлде артықшылық па?" Ойынға орыс және қазақ тілінде төрт фракция қатысты. Ұстаздар екі топқа бөлініп, өздерінің көзқарастарын қорғап, қарсы тараптың пікірлеріне жауап берді. Дебат барысында ұстаздар өз білімдері мен тәжірибелерін пайдалана отырып, тыңғылықты зерттеулер мен статистикалық деректерді келтірді. Шараға қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Дебатқа қатысушылардың әрқайсысы өз пікірлерін дәлелдеп, тыңдаушыларды өз аргументтерімен сендіруге тырысты. Ойын барысында ұстаздар арасында достық қарым-қатынас орнап, бір-біріне қолдау көрсетілді. Мұндай іс-шаралардың білім беру процесінде маңызы зор, себебі ұстаздардың кәсіби дамуына, шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал етеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды. "Контраргументы"."ИнДанЭель","Болашақ","Техно Тайм" командалары қатысып, "Болашақ" және "Контраргументы" командалары жеңіске жетті. Ең үздік спикерлер номинациясымен Успанова Индира Буркутхановна және Нурсапинова Жаннат Сериковна анықталды. Ең бастысы – бұл дебат ойыны ұстаздар үшін жаңа тәжірибе, білім және достық қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік берді. "Алмас қылыш" дебат үйірмесі атынан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
Болашақта осындай іс-шараларды жиі өткізу жоспарлануда, себебі білім беру саласында пікір алмасу мен талқылау – әрқашан маңызды.