Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » 27.03.2025 жылы №19 мектепте қалалық bedattle 5.0 (дебат) 7-11 сынып оқушылары мен жетекшілеріне арналған дебат бойынша тренинг өтті.
27
март
2025

27.03.2025 жылы №19 мектепте қалалық bedattle 5.0 (дебат) 7-11 сынып оқушылары мен жетекшілеріне арналған дебат бойынша тренинг өтті.

27.03.2025 жылы  №19 мектепте қалалық  bedattle 5.0 (дебат)  7-11 сынып оқушылары мен жетекшілеріне арналған дебат бойынша тренинг өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру және дебат мәдениетін насихаттау болды.
Тренингке қаламыздың 49.48.21.33 мектептерінің оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Шара барысында қатысушылар дебаттың негізгі принциптері мен ережелерімен танысып, түрлі тақырыптар бойынша пікірталастар жүргізді. Тренингке жаупты  "Алмас қылыш" дебат үйірмесінің  жетекшісі БайбазароваЗарина Сергазыевна өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға қарсы аргументтерді құру, тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс жасауға үйретті.
Тренингтің бағдарламасына интерактивті ойындар, практикалық тапсырмалар және пікірталас сессиялары кірді. Оқушылар өз ойларын ашық айтуға, тыңдауға және қарсы пікірлерді қабылдауға үйренді. Мұндай іс-шаралар жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, өз пікірін қорғауға және қоғамда белсенді азаматтар болуға ықпал етеді.
 Оқушылар мен жетекшілер тренингтен алған тәжірибелері мен білімдерін болашақта қолдануға ниет білдірді. №19 мектепте өткен дебат тренингі – әрбір оқушының жеке дамуына, сондай-ақ мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Болашақта осындай тренингтерді ұйымдастыру арқылы жастардың дебат мәдениетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жалғасын табады деген ойдамын.