Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны
24
январь
2025

"Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны

24 қаңтарда №19 мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында  дәстүрлі "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны өткізілді. 
"Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны — танымдық, шығармашылық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл ойын түрлі тапсырмалар мен сайыстардан тұрады және қатысушыларға көптеген дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Ойын жастардың ойлау қабілетін арттыруға, топпен жұмыс істеуге, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ әртүрлі жағдайларда шешім қабылдауға үйретеді.
Ойынның негізгі мақсаты — әр қатысушының өзін көшбасшы ретінде көрсетуіне мүмкіндік беру және оларды әртүрлі қиындықтар мен тапсырмаларды шешуге шақыру.
“Мектеп көшбасшысы” интеллектуалдық ойынының жеңімпаздары: “Мектеп көшбасшысы”
11Б сынып оқушысы-Нуруллаева Алинур, І орын-11Ж сынып оқушысы Абдиева Еркежан, ІІ орын - 11 Д сынып оқушысы Сарсенова Айзада, ІІІ орын -10Д сынып оқушысы Сайлауов Ильяс. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!👏👏👏