Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"19 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Средняя общеобразовательная школа №19"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-17-80
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-66-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаз | Рус |
» » » 2024 жылдың 1 тамызынан бастап КММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектепте» болашақ бірінші сынып оқушыларын даярлау үшін «Балақайлар мектебі» аясында сабақ жүргізілді.
01
август
2024

2024 жылдың 1 тамызынан бастап КММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектепте» болашақ бірінші сынып оқушыларын даярлау үшін «Балақайлар мектебі» аясында сабақ жүргізілді.

    2024 жылдың 1 тамызынан бастап КММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектепте» болашақ бірінші сынып оқушыларын даярлау үшін «Балақайлар мектебі» аясында сабақ жүргізілді.
Күніне сабаққа 20 бала   қатысты. Орыс тілінде оқытатын топта 8 бала, қазақ тілінде оқытатын топта 12 бала болды.
Сабақтарды бастауыш сынып мұғалімі Даниленко Ольга Александровна мен мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Турабаева Анар Айтахметқызы жүргізді. Сабақтар 9:00-ден 11:00-ге дейін өтті.
  Күнделікті 4 сабақ және олардың арасында үзіліс болады. Балаларға буындап оқу, санау, ойлау, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, тақпақтар жаттау,ойындар ойнау ұнады. Себебі, олар мектепалды сыныпта оқымаған, алғаш рет мектеп партасына отырған балалар.Өтілген сабақтардың нәтижелеріне ата-аналар  ризашылығын білдіруде.
Мектепке бару кез-келген баланың өміріндегі маңызды бір сәт. Балалардың оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.