Қазақ халқы ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеп, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгенің орны мен рөлін ұғынуға терең мән берген. Осы мақсатта 29-сәуір Даналық мектептің жоспарына сай 4 -сыныптар арасында "Жеңгем және мен" атты сайыс өтті.Сайыс барысында жеңгелеріміз өнерлерін, білім деңгейлері мен тәрбиелерін, актёрлік шеберліктерін ортаға салып,көрермендерді тәнті етті.Он саусағынан өнер тамған,ақылына көркі сай,кішіпейіл,қайын інілері мен сіңлілеріне ақылшы болар жеңгелеріміз көп болсын!
Семей қаласындағы N19 мектепте сәуірдің 27 күні "Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасын тапты.Мектеп ұжымы мен Парламент мүшелері ауланы тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Акцияға 4-сыныптың ата-аналары келіп, балаларымен бірге көшеттер отырғызды. #АбайоблысыЖасылҚазақстан #тазақала2024 #тазасемей2024
24 сәуір мектебімізде «Білім беру жүйесінде ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы» тақырыбында облыстық семинар практикум өтті. Облыстық әдістемелік семинар-практикумы педагогикалық шеберлік пен құзіреттіліктерді дамытуға бағытталған бірегей кәсіби алаң болып табылады. Облыс мектептерінде ата – аналарды психологиялық – педагогикалық қолдау орталығы құрылғаннан бері осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыстар жүргізілуде Іс – шараның мақсаты: Ата – аналарды педагогикалық
24 сәуір 8 «А» сыныбында Калиева Толқын Райхановнаның ұйымдастыруымен «Қайтпас қайсар -Қасым Қайсенов»тақырыбында ерлік сабағы өтті Мақсаты: оқушыларға қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi
24.04.2024 күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. ІІІ тоқсан қорытындысы 2. Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық 3. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Балалардың қауіпсіздігі 4. Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру бойынша мектептің бракераж комиссиясы жұмысының есебі 5.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру 6. Әртүрлі мәселелер қарастырылды.
23 сәуір күні Семей қаласы Әуезов полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы полиция майоры О.С.Сембаев 5-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, бұзақылық және қоғамдық орындардағы бұзақылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық бағытта әңгіме жүргізді.
23 сәуір күні Семей қаласы Әуезов полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы полиция майоры О.С.Сембаев 5-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, бұзақылық және қоғамдық орындардағы бұзақылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық бағытта әңгіме жүргізді.
23 сәуір мектебімізде «Даналық мектебі» клубының жылдық жоспарына сәйкес 2-ші сыныптың Аталар мектебімен «Аталар сөзі –бата сөз», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру,жеті ата, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау. Шара барысында оқушыларымыз бата және оның түрлері, жеті ата, шежіре ұғымдары туралы, мәліметтер алды.
22-ші Сәуір 3 «Д»сыныбында «Рейхстагқа ту тіккен –Рақымжан Қошқарбаев» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: қазақ халқының қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриот болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға арнайы видеоматериалдар, фильмнен үзінділер көрсетілді. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi