28
февраль
2025
"Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" ерлік сабағы өткізілді.
Семей қаласындағы "N19 мектепте 28 ақпанда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағында N 36803 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Байбосынов пен 4-курс курсанты Б.Б.Жорабек оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндірді.Мақсаты: оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып майданда және тылда көрсеткен ерліктерін құрметтеуге тәрбиелеу.










