19
апрель
2024
ЭКОСАҒАТ-Туған өлкем Семейім! 3 "Ж" сыныбыеда өтті
ЭКОСАҒАТ-Туған өлкем Семейім! Бұл сынып сағатында табиғат жайлы және туған өлкеміз Семей қаласының тазалығына тоқталып өттік. Біз анамызды қалай сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, туған өлкеміздің табиғатына да солай қарауға тиістіміз. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Себебі керекті заттардың бәрін табиғаттан алады. Ендеше адам баласы табиғатқа зиян келтірмеуі керек. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзуға болмайды. Үйлесімділік бұзылса екеуінің біреуі апатқа ұшырауы мүмкін. Қазіргі таңда ауа мен судың ластануы, ормандардың өртке орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі - осының бәрі кезек күттірмейтін экологиялық проблемалар. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, осы мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп табиғат үйіне қамқорлық жасауы тиіс.Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біз оны қорғауымыз керек. Демек, табиғатты қорғау – өз Отанымызды,туған өлкеміз Семейімізді сақтау деген сөз. 3 "Ж"сынып жетекшісі :Мусина Гульдерай Кайргелдиновна
# ЭкоСағат#”ЭкоСағат Туған өлкем Семейім!
# ЭкоСағат#”ЭкоСағат Туған өлкем Семейім!
