Ағымдағы жылдың 28 ақпанында N19 мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Менің бауырым" жобасы аясында 11-сынып оқушыларымен Семей қаласындағы әскери госпитальдің хирургия бөлімшесінің бастығы Б.Н.Сакенов пен дәрігер М.М.Советқазин кездесу өткізді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
Республикалық Ұлттық Мектеп лигасы жарысының обылыстық кезеңінде Асық атудың "Бес табан" түрінен 7-8 сынып ұлдар арасында жүлделі 2 орынға ие болғаны үшін Семей қаласы, 19 мектеп командасы марапатталады.
Ақпанның10 күні N19 мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Шабыт" жобасы аясында 7-8 сыныптар арасында "Биле-биле" байқауы өтті. Байқауда оқушылар ұлттық және замануи билерден сайысқа түсті. Мектеп тәлімгері Н.Сеитова мен мектеп Парламенті ұйымдастырған байқауда оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Қаңтардың 28 күні N19 мектептің 9-10 сынып оқушыларымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Бірлік және ынтымақ" құндылығы негізінде Абай облысының "Қоғамдық келісім орталығы - облыстық достық үйі" КММ мамандарымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ақпараттық сағат өткізілді.
2025 жылдың 29 қаңтарында №19 мектепте жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Мектеп директорының 2-тоқсан қорытындысы бойынша есебі. 2. Түлектерді қорытынды аттестаттау және ЕНТ-ға дайындау. 3. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Балалардың қауіпсіздігі. 4. Мектептің тамақтану сапасы жөніндегі бракераж комиссиясының есебі. Жиналыс барысында мектеп директоры А.А.Жунусова және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
24 қаңтарда №19 мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дәстүрлі "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны өткізілді. "Мектеп көшбасшысы" зияткерлік ойыны — танымдық, шығармашылық және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл ойын түрлі тапсырмалар мен сайыстардан тұрады және қатысушыларға көптеген дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Ойын жастардың ойлау қабілетін арттыруға, топпен жұмыс істеуге, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ