6а сыныбында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды " сынып сағаты өтті. Оқушылар тарихтың қаһармандық беттерін еске түсіріп, кеңес халқының ерлігі туралы әңгімеледі, соғыс жылдарындағы оқиғаларды, арғы аталары мен әжелері – соғысқа қатысушылар туралы айтылды. Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, еліне деген ризашылық пен мақтаныш сезімін оятады. Ұлы Жеңістің естелігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталсын! #Ұлы Жеңіске 80 жыл #Жеңіске бірге #
6.05 күні 2 «Ж» сыныбында “ Ұлы Жеңіске 80жыл” атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. #ҰлыЖеңіске80жыл#Жеңіскебірге#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей_қаласы#
2"Д" сыныбында “Ұлы Жеңіске 80 жыл” атты тәрбие сағаты өтті.Мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, тарихи сананы қалыптастыру және елін, жерін қорғаған батырларға тағзым ету
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында 6"Д" сыныбында "Ер есімі - ел есінде" атты Ерлік сабағы өтті. Мақсаты - оқушыларға ұрпақ болашағы үшін құрбан болған бабаларды ұмытпауға тәрбиелеу. Балалар белгілі батырлармен қатап өздерінің жауынгер аталарының, ерлігі, тарихы жайлы әңгімеледі, қызықты деректермен бөлісті. Батырлар ерлігін мәңгі есте сақтау - біздің қасиетті борышымыз.
1 “З” сыныбында “Ұлы жеңіске 80 жыл” тәрбие сағаты өткізілді. Отан үшін жан аямай шайқасқан батырларымыздың ерлігі, бейбітшілік пен азаттықтың қандай күшпен келгендігі туралы айтылды. Жеңіс күні құтты болсын! Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран! #Жеңіскебірге
1 “Ж” сыныбында “Ұлы жеңіске 80 жыл” тәрбие сағаты өткізілді. Отан үшін жан аямай шайқасқан батырларымыз мәңгі біздің жүрегімізде. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. Жеңіс күні құтты болсын! #Жеңіскебірге