«Үздік жас педагог-2024»
2024 жылдың 14 ақпанында «№19 ЖОББМ» КММ-де дарынды, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтерді анықтау және қолдау, олардың тәжірибесі мен шеберлігін жалпылау және тарату, педагог мамандығының беделін арттыру мақсатында «Үздік жас педагог-2024» байқауы өтті. Аталған байқауға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мектептің жас педагогтері қатысып, өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастырудағы қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерзатқызы Іңкәр, 1 орынды бастауыш сынып мұғалімі Рақымова Әйгерім Ерланқызы, 2 орынды физика пәнінің мұғалімі Рахымханова Арай Ардаковна мен бастауыш сынып мұғалімі Абдульменова Рината Рашидовна, 3 орынды математика пәнінің мұғалімі Аубакиров Эльдар Мейіржанович пен музыка пәнінің мұғалімі Мағауиянова Шәкриза Қуанышқызы иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!
14 февраля 2024 года в КГУ «СОШ№19» с целью выявления и поддержки талантливых, творчески работающих молодых педагогов, обобщения и распространения их опыта и мастерства, повышения престижа профессии педагога прошел конкурс «Лучший молодой педагог-2024». В данном конкурсе приняли участие молодые специалисты школы со стажем работы до 3 лет, которые всесторонне продемонстрировали свои теоретические и практические знания. По итогам конкурса завоевали: Гран-при учитель английского языка Ерзатқызы Іңкәр, 1 место - учитель начальных классов Рақымова Әйгерім Ерланқызы, 2 место - учитель физики Рахымханова Арай Ардаковна и учитель начальных классов Абдульменова Рината Рашидовна, 3 место-учитель математики Аубакиров Эльдар Мейржанович и учитель музыки Мағауиянова Шәкриза Қуанышқызы.
Поздравляем победителей и желаем дальнейших успехов!
[media=https://www.youtube.com/shorts/b2UFB0AtcFc]