14
февраль
2024
14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «№19 ЖОББМ» КММ кітапханасында 12-14 ақпан аралығында «Кітапқа жаңа өмір сыйла!» атты акция ұйымдастырылды.
14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «№19 ЖОББМ» КММ кітапханасында 12-14 ақпан аралығында «Кітапқа жаңа өмір сыйла!» атты акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, жолдастық қарым-қатынасты жақсартуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу , кітап қорын толықтыруда көмек қолын созуды ұғындыру.
Акция барысында балалар әдебиеті, классикалық әдебиеттер, ғылыми- танымдық басылымдар жинақталды. Оқырмандар жаңа кітаптармен бірге үй кітапханаларындағы әдебиеттермен де бөлісті, кітапханаға деген ізгі тілектерін білдірді. Кітапхана тарапынан « «Ризашылық себеті» ұсынылды(тәттілер таратылды).
#оқуғақұштармектеп
#Біртұтас_тәрбие_Абай облысы

