18 қыркүйекте Абай облысы мектептеріндегі тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық тобы № 19 мектеп асханасының жұмысын тексерді. Арнайы топ құрамында қалалық мәслихат өкілі, ата-аналар қоғамдастығының мүшелері, білім бөлімі қызметкері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілі болды. Ведомствоаралық сараптамалық тобы мектеп асханасының бекітілген мәзіріне сәйкес тамақтануын, азық-түлік пен дайын өнімдердің мақсатты
1 наурыз- Алғыс айту күніне орай «№19 ЖОББМ» КММ кітапханасында «Әлемге мейірімділік көзімен қара » атты иллюстрациялы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, әлемдік және отандық әдебиетті дәріптеу, оқушыларды кітап оқуға тарту Оқушылар адамдардың бір-біріне деген жақсы ниеттері туралы, сыйластыққа үндейтін, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»,
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 ақпан күні 7 сыныптарда «Сайлау: адалдық, тиімділік» тақырыбында дөңгелек үстел форматында пікір алмасу өткізілді. Мақсаты: оқушыларға сайлау кезіндегі адалдық, оның тиімділігі туралы қосымша ақпарат беру, сайлауға қатысудың маңызын жөнінде пікір алмасу, додекаэдр ойыны арқылы сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдау. Жауапты: Нургазина Т.С.
"№ 19 ЖОББМ" КММ кітапханасы "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында "Қазақ тілі мен әдебиеті" бірлестігімен бірге 10 сыныптар арасында " Ақбілекті бірге оқимыз" атты интеллектуалды ойын өткізді. Мақсаты: оқушыларды елін, жерін сүюге үйрету, адамгершілік пен қайырымдылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Жазушы өмірін үлгі ете отырып әдебиетті сүюге тарту. Іс- шара барысында оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың өнегелі өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпарат берілді. Оқушылар тобы "Бинго"
Кітапхана «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Алаш қайраткері, халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Мағжан сенген жастармыз!» тақырыбында « Үзілістегі поэзия» библиофлешмобын ұйымдастырды. Іс-шара барысында 9 «Е»сынып оқушылары Мағжан Жұмабаевтың өмір жолынан мәлімет берді, шығармаларынан үзінді оқып, ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңін топпен орындады. Мақсаты: оқушыларға еліміздің тарихынан білім беру, алаш
"№ 19 ЖОББМ"КММ оқушылары "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" повесі бойынша республикалық челленджге қатысты. Мақсаты: білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту. Челлендж барысында оқушылар шығарма туралы бейнероликтер құрастырып, өз пікірлерімен бөлісті, кейіпкерге жанашырлығын білдірді.Мектептегі ерікті оқушылар бастауыш сынып оқушыларын шығарма мазмұнымен таныстырды.#Жусан_иісі_Абай_облысы
«№19 ЖОББМ» КММ кітапханасы «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында, «Досболlike.Достық қолын ұсын!» акциясына орай «Біз бір-бірімізге кітап оқимыз» челленджін ұйымдастырды. Челлендждің мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнатуда кітаптың маңызын түсіндіру. Челленджге мектеп оқушылары арасынан еріктілер белсене қатысты. Бастауыш сынып оқушылары оқылған кітаптарды қызығушылықпен тыңдады, көріністер көрсетті,
ҚР Оқу ағарту министрлігінің ғылыми педагогикалық кітапханасының ұсынысымен, «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «№19 ЖОББМ» КММ кітапханасы оқушылар арасында күзгі каникул кезінде кітап оқуды насихаттау мақсатында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылар өздеріның сүйікті кітаптары туралы ой- бөлісті, ұнаған кітаптарынан үзінділер оқыды, кейіпкерлер туралы суреттер салып бейне роликтер құрастырды. Белсенді оқырмандар кітап оқудың пайдасын